20.11.2018, 9:15 8470 Қазақстан құрамасы Осакада өтетін «Grand Slam» жарысына қатысады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2018 жылдың ең соңғы «Grand Slam» турниріне қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

23-25 қараша аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін бәсекеге елімізден 13 дзюдошы аттанады.

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал