20.11.2018, 1:00 14716 Қазақстан сырт алаңда Грузияға есе жіберді

Тбилисиде өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде есеп екінші таймда ашылды. Георгий Чакветадзенің пасынан кейін Георгий Меребашвили бос қақпаны баспен тура көздеді. Ойынның соңына қарай Георгий Чакветадзе есепті еселей түсті. Қазақстан құрамасынан Оралхан Өміртаев тоқсаныншы минутта есеп айырмасын қысқартты. Жас футболшы ойынның аяқталуына санаулы минут қалғанда алаңға шыққан болатын.

 

Грузия - Қазақстан - 2:1 (0:0)

Голдар: Георгий Меребашвили 59, Георгий Чакветадзе 84 - Оралхан Өміртаев 90

Ескерту: Серікжан Мужиков 45+1, Ғафуржан Суюмбаев 90+3

Грузия: Георгий Лория (Қ) - Отар Какабадзе (Давид Хочолава 86), Гурам Кашия, Соломон Кверквелия, Ника Квеквескири, Джаба Канкава (К), Валерий Казаишвили, Георгий Чакветадзе (Георгий Абурджания 90+2), Георгий Меребашвили, Валериан Гвилия (Ника Качарава 74), Лаша Двали.

Резерв: Роин Квасхвадзе (Қ), Лазаре Купатадзе (Қ), Владимир Двалишвили, Вахтанг Чантуришвили, Джемал Табидзе, Лука Зарандия, Георгий Хараишвили.

Бас бапкер - Владимир Вайсс

Қазақстан: Дмитро Непогодов (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Юрий Логвиненко (К), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев (Оралхан Өміртаев 89), Максим Федин (Бауыржан Тұрысбек 84), Алексей Щеткин (Юрий Перцух 74).

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Марсель Исламқұлов (Қ) - Дмитрий Мирошниченко, Александр Марочкин, Темірлан Ерланов, Думан Нәрзілдаев.

Бас бапкер - Станимир Стоилов.

Төрешілер: Тьягу Мартинш, Луиш Кампуш, Рикарду Сантуш, Угу Мигель, Жоау Капела.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал