19.08.2018, 8:07 9852 Қазақстандық әлем чемпионатында жүлделі орын иеленді

Ақмолалық спортшы Андрей Чугай Қазақстан тарихында велоспорт бойынша өткен әлем чемпионатында спринттен жүлделі орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Швейцарияның Эгль қаласында велоспорт бойынша тректе әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы байрақты жарысқа көкшетаулық 18 жастағы Андрей Чугай қатысып, бағын сынады. Ақмола облыстық олимпиада резервінің №7 балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәлімгері Иван Гринберг жаттықтыратын Андрей Чугай отандық велоспортта айтулы жеңіске қол жеткізді. Қазақстанның велоспорт тарихында спринттен (жақын қашықтыққа жарысу) жүлделі орыннан көрінуі алғаш рет тіркеліп отыр.«Жарыс өте ауыр болды» дейді велосипед спорты бойынша олимпиадалық дайындық орталығының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш.
«Жарысқа 45 велосипедші қатысты. Алғашында Андрей іріктеу жарысында төмен нәтиже көрсетсе, кейін «үміт жарысында» жартылай финалға шықты. Бәсекелестік өте жоғары болды. Үшінші орын үшін үш спортшы таласты. Абырой болып, Андрей мәреге үшінші болып келді»,-дейді жаттықтырушы.
Жаттықтырушының айтуынша, әлем чемпионатына дайындық наурыз айынан басталды.
«Төрт халықаралық жарысқа қатыстық. Яғни, Астана, Қырғызстанда және өзіміздің велотректе өткен жарыстарда спортшыларымыздың шеберліктері шыңдалды. Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз», - деп толықтырды Иван Сиваш.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал