20.07.2018, 16:37 10187 Қазақстандық спортшылар Қытайдағы жарыста аза тұту белгісін тағып шықты

Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандықтар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасы бүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысып жатқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ. Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты», - деді ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ атап өтілгендей, еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлер бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Айта кетейік, кеше Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін «Қайрат» және «Тобыл» клубтары матчтағы жеңісін Денис Теннің рухына арнады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал