12.09.2018, 11:17 9927 Қазақстандық жеңіл атлет Литвадағы жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Литвада өткен халықаралық турнирде спорттық жарыстан жеңіске жетті,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Кристина алдағы қазан айында Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Осы ірі доданың алдында спортшы өзінің дайындығын бір пысықтап алды.

Литваның Друскинскай қаласында өткен жарыста 17 жастағы атлет 3 шақырымдық спорттық жүрістен қатысты. Сайыста 2001-2002 жылы туған жас атлеттер бақ сынады.Жерлесіміз қарсыластарының алдын орап, мәреге 14 минут 51 секундта жетті. Екінші орын алған спортшының уақыт көрсеткіші – 15.05 минут болса, үшіншісі – 15.21.

Айта кетейік, Друскининкайда спорттық жүрістен халықаралық жарыс жыл сайын дәстүрге айналған. Морозова Буэнос-Айресте 5 шақырымдық спорттық жүрістен өнер көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал