- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Қазіргі бессайыстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Беларусьтің Минск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп, хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы өткен соң, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына тыңғылықты дайындықты бастап кетті.
Қазіргі бессайыстан Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі:
Павел Ильяшенко
Алена Потапенко
Влад Сухарев
Ардақ Ахидуллаева
Азия ойындары аяқталған соң Қазақстан құрамасы қысқарған құрамда Мехикода өтетін әлем чемпионатына аттанады. Ильяшенко мен Потапенко аралас эстафетада өнер көрсетпек.