27.08.2018, 9:57 10173 ҚХЛ-да БАӘ хоккей клубы ойнауы мүмкін

ҚХЛ-да Біріккен Араб әмірліктері хоккей клубы ойнауы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚХЛ директорлар кеңесінің мүшесі, лиганың бірінші президенті Александр Медведевке сілтеме жасап.

«Қазір лигага БӘӘ қызығушылық танытып отыр, олар бай хоккей командасын жасақтамақ. Олар Құрлықтық хоккей лигасында ойнауы мүмкін. Жуырда бізге хабарласып, бұған қаражат та, қалау да бар екенін мәлімдеді. Біріккен Араб әмірліктерінде бірер іс қолға алынса, ол жерде қаржылай қиындық туындамайтынын бүгінде жұрттың бәрі біледі», - дейді А. Медведев.

Еске сала кетейік, 2017-2018 жылғы маусым аяқталған соң ҚХЛ директорлар кеңесі ресейлік Ханты-Мансискінің «Югра» және Тольяттидің «Лада» командаларын лигадан шығарып жіберген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал