09.10.2018, 7:21 9060 Қонақбаев Спорттық арбитраждық сотқа жүгінбек

Бокс бойынша әлемде жетекшілік ететін AIBA (халықаралық әуесқой бокс федерациясы) президенттігіне үміткер болып отырған Серік Қонақбаев Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) жүгінбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Серік Қонақбаевтың мұндай қадамға баруының себебі - AIBA сайлау комиссиясының ұйым президенттігіне оны қатысу құқығынан айыру туралы шешімі болып отыр.

Серік Қонақбаевтың айтуынша, сайлау комиссиясының шеттету туралы шешімінің себебі мынада: дүйсенбі күні, 24 қыркүйекте оның пайдасы үшін AIBA штаб-пәтеріне жеткізілген номинациялардың формалары есептелмей қалған. Өйткені, ең соңғы мерзім 23 қыркүйек күні болып бекітіліп кеткен. Швейцарияның заңнамасына сәйкес, 23 қыркүйек, яғни жексенбі жұмыс күні болып есептелмегендіктен, соңғы күн дүйсенбі болуы керек болған.

«Менің президенттік кандидаттардың соңғы тізіміне енбей қалғаным таңғалдырады. Менің ойымша, біздің спорттың мүддесі үшін бәсекелі сайлау өткізу керек. AIBA федерациясының мүшелері өздері тілеген көшбасшысын таңдап алуы тиіс», - деді Қонақбаев.

Айта кетсек, Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы президенті Томас Бах Буэнос-Айресте өткен отырыста AIBA басшылығының әділеттілігіне қатты алаңдайтынын айтқан еді. ХОК басшысы Халықаралық олимпиадалық спорт түрі ретінде AIBA-ны мәртебесінен айыру ықтималдылығы туралы да айтып өтті. Бұл дегеніңіз Олимпиада ойындарында AIBA боксшылар сайысын алдағы уақытта өткізе алмайды дегенді білдіреді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал