20.07.2018, 13:41 10195 Қош бол, Чемпион. Денис Теннің жарқын жеңістерін ұмытпаймыз

Бүкіл әлем Денис Теннің қазасын аза тұтып жатыр. Қазақстан  халқы ғана емес, тұтастай мәнерлеп сырғанау әлемі Денистей алтын азаматтан айырылғанына сене алар емес. 

Азғантай ғұмырында туған елінің атын асқақтатып кеткен Денис Тен 25 жасында қыршыннан қиылды. Ажалы ұры-қарыдан келген Чемпионның қазасына көңіл айтушылар санында шек жоқ. Еліміздің барлық аймағы ерте қиылған жас ғұмырды шырақ жағып, гүл қойып еске алуда. 

2013 жылы Канаданың Лондон қаласында тұңғыш рет Қазақстанға мәнерлеп сырғанау спортынан күміс сыйлап, кейін Сочиде үздік үштік қатарына енген Денисті чемпиондық атаққа жеткізген бағдарламаларын назарларыңызға ұсынамыз.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал