13.09.2018, 13:16 1843 ҚР Президенті бәйгесі үшін ат жарыс өтеді

Алматыда 2018 жылдың бәйге маусымы жалғасуда. Жексенбі, 16 қыркүйек күні Алматы республикалық ипподромында Қазақстан Республикасы Президенті бәйгесіне ат жарыс өтеді, деп хабарлайды Ақпараттық-спорт хабы.
Ат жарыстың оныншы күні маусым аясында 11 бәйге өтеді. 
Бәйгелер арасындағы үзілісте понимен дәстүрлі бәйге өтеді. Қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылмақ. Ипподром аумағында дәмхана жұмыс істейді.
2018 жылғы маусымда Алматы республикалық ипподромында 350 бас жылқы 12 күн бойы сынақтан өтеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал