- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Қазақстанның бірінші, әлемнің 83-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Шанхай турнирінің алғашқы айналымында испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен кездесті.
Дүниежүзілік рейтингте А.Рамос-Виньоластың 50-інші орында тұрғанына қарамастан, матч қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. М.Кукушкин бірінші партияны 6:4, екіншісін 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дәл осы А.Рамос-Виньоласқа есе жіберген болатын. Бүгін соның қарымтасын қайтарды деуге болады.
М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 8-інші ракеткасы, оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші жүлде қоры 7 млн АҚШ долларынан асатын Шанхай турниріне іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын.