24.02.2018, 11:00 10072 Норвегия Олимпиадада медальдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы медальдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты.
Олар бүгін медальдар санын 38-ге жеткізді. Бұл қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы жаңа рекорд. Осыған дейін АҚШ құрамасы 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында жалпы 37 медаль жеңіп алған болатын. Оның 9-ы алтын, 15-і күміс, 13-і қола медаль.
Алайда, алтын медальдар саны жағынан жалпы есепте Канада, Германиядан кейінгі үшінші орынға ие болған еді. Міне, араға 8 жыл салып, Норвегия бұл рекордты бұзды. Олар қазір Пхенчхан Олимпиадасында 13 алтын, 14 күміс және 11 қола (38) медальмен көш бастап келеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал