25.11.2017, 12:26 10498 "Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына сақадай саймын"

 

- Минскіде өткен турнирде жеңімаз атандың. Көрсеткен өнеріңе қаншалықты көңілің толды?

- Минскіде жеңімпаз атанғаным үшін қатты қуандым. Қысқа және еркін бағдарламада таза мәнерлеп сырғанау үлгісін көресете алдым деп ойлаймын.

- Жеңіске жету қаншалықты қиын болды?

- Жеңімпаз атану оңайға соқпады, себебі жарыстың дәрежесі биік, басқа қатысушылар да бір орында қалып қоймай үнемі жаттығумен болған. Бәрі жеңіске жеткісі келді. Алайда, бұл жолы сәттілік менің жанымнан табылды.

- Қазақстан алғашқы рет мәнерлеп сырғанау бойынша Олимпиада ойындарына 2 лицензия ұтып алды.  Бұл туралы не ойлайсың?

- Әрине, қуаныштымын.  Бұл мен қатысқалы отырған алғашқы Олимпиада  ойындары. Сондықтан бар күш-жігерімді салатын боламын. 

- Олимпиада ойындарына да аз уақыт қалды ғой. Дайындығың қалай?

- Олимпиадаға дайындық ойдағыдай. Пхенчханға сақадай саймын.

- Олимпиада ойындарындағы қарсыластарыңды білесің бе?

- Иә, бәсекелестерді білемін, бірақ, ең алдымен, мен өз бағдарламам бойынша жақсы өнер көрсетуді көздеймін. Оларды ойлап уақытымды зая кетіргім келмейді. Меніңше, бәрі сәтімен болады.

- Жаттығулар қайда өтіп жатыр?

- Жаттығулар негізінен Торонтода,  жаттықтырушы Брайан Орсердің басшылығмен «Toronto Skating» клубында өтіп жатыр.  Ол жерде тұтас кәсіби мамандар. Сондықтан мен максималды түрде шеберлігімді шыңдауға тырысамын. 

- Брайан басқа жаттықтырушылармен салыстырғанда қандай да бір ерекше әдістер қолданады ма?

- Әр бапкердің өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Бір айтарым, Брайандай мэтрден тәлім алып жатқан мен бақыттымын. Одан бөлек тағы да басқа жаттықтырушылармен жұмыс жасаймын. Ол кісілердің де келтіріп жатқан пайдасын айта кеткім келеді. Қазіргі сәтте барлық ұжыммен би мен жалпы бағдарламаны қою бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз.

- Бағдарламаңызда қандай да бір өзгеріс болады ма?

- Бағдарлама дайын. Негізі бағдарлама да тірі ағза сияқты. Үнемі дамытып отыру керек.  Біз де оны дамыттық. Бірақ, тұтастығын сақтадық.

- Мәнерлеп сырғанау қымбат спорт түрі. Шығындарды кім көтереді? Мемлекет тарапынан қолдау бар ма?

- Иә, мәнерлеп сырғанау өте қымбат спорт түрі. 13 жасыма дейін барлық шығындарымды ата-анам көтерді. Ал, ҚР құрамасына енген соң шығындарды көтеруді мемлекет өз қолына алды.

 

Айдана Алдоңғарова

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал