17.10.2018, 12:35 9577 Шымкентте халықаралық турнир өз мәресіне жетті

 

10 мен 15 қазан аралығында өткен Қаракөз Әбдіәлиев атындағы жарысты Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент бокс федерациясы, сонымен қатар, қалалық спорт және денешынықтыру басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстандық бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш турнирге Мажарстан, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген спортшылар қатысты. Халықаралық додада АИБА супервайзері әрі қатарынан 5 Олимпиадада төрелік еткен Шабиб Мухаммед бас төреші болды.

Турнир қорытындысы бойынша 8 елдің өкілдері жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарынан көрінді. Олардың ішінде ұлттық құрама мүшелері де бар. Мысалы, Әнуар Мұзаппаров (52 келі) чемпиондық атаққа ие болса, Әділет Құрметов (63 келі) финалға шығып, күміс жүлдені қанағат көрді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал