- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейро қаласында таеквондодан Гран-при кезеңінің финалдық додасы мен командалық әлем кубогі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Гран-при турнирінің ақтық сынына Қазақстан құрамасы сапынан бір ғана спортшы жолдама алды. Ол 87 келіден жоғары салмақта сынға түсетін Смайыл Дүйсебай.
Гран-при жарысының финалдық кезеңінде жеңімпаз атанған спортшыға 80 ұпай беріледі. Бұл әлем чемпионатынан кейінгі екінші ірі рейтингілік турнир.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы аралас командалық әлем кубогіне шақырту алды.
Командалық бәсекеде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Ерлер құрамасы:
1) Елдос Ысқақ
2) Ерасыл Қайырбек
3) Нұрлан Мырзабаев
4) Руслан Жапаров
5) Рахым Әділханов (қосалқы құрам)
Ерлер мен әйелдер (микс):
1) Қазыбек Бақтиярұлы
2) Смайыл Дүйсебай
3) Фариза Алдоңғарова
4) Жансель Дениз