23.02.2018, 11:09 10339 Тұрсынбаева Олимпиада ойындарында 12-ші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында 12-ші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Екінші кезеңге жолдама алған Элизабет төрешілер мен жиналған қауымға ең күрделі деген тәсілдерді қолданып, оларды таңғалдырды. Десе де, тиісті трюктарды орындау барысында ол құлап қалып, бір баллдан қағылды.  

Жерлесіміз  қоссайыс қорытындысы бойынша 177.12 ұпай еншілеп, Олимпиада ойындарын 12-ші орынмен аяқтады.  

 «Құлап қалсам да жоспар бойынша әрекет етіп, алдын ала дайындаған бағдарламамды соңына дейін жеткіздім. Бүгінгі көрсеткен өнеріме көңілім толды. Неге десеңіздер, жарақаттан кейін Олимпиада ойындарына қатысу оңай шаруа емес», - деді Тұрсынбаева жарыс аяқталған соң.

Қыздар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан бас жүлдені ресейлік Алина Загитова 239.57 (82.92 + 156.65) жеңіп алса, екінші орынды тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева 238.26 (81.61 + 156.65) қанжығасына байлады. Ал, үздік үшінші орынға канадалық Кэйтлин Осмонд 231.02 (78.87 + 152.15) ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал