15.11.2018, 12:17 9155 WBC Головкиннің Чарломен және Альвареспен айқастарына қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мен Джермаллом Чарло арасындағы «санкцияланған» іріктеу жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, жеңімпаз боксшы Сауль Альвареспен айқасады деп күтілуде.

«WBC уақытша чемпион болып табылатын Чарлоның Головкинмен жекпе-жегін санкциялады. Себебі GGG өз титулынан айтарлықтай дау тудырарлық айқаста айырылып қалды және ол ойында қалуға лайықты. Бірақ, Головкин Чарломен жұдырықтасудың орнына «Канеломен» тікелей реванш сұрады. «Канело» болса еркін жекпе-жек сұрап отыр. Барлығы сапырылысып кетті. Сондықтан Головкин-Чарло айқасын өткізуді міндеттедік. Оның іске асатынына үміттенеміз. Олардың қай жеңгені «Канело» үшін жақсы нұсқа болады. Барлығы солай болса қуанар едім. Көреміз», - деді Маурисио Сулейман.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал