WBC Бүкіләлемдік бокс кеңесінің наурыз айындағы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшылардың да аты-жөндері бар. Ауыр салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев 35 орынды сақтап қалды.
Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахметов 28-ден 27-ге көтерілді. Жартылай жеңіл салмақтағы дивизионда Бекман Сойлыбаев бір сатыға көтеріліп, 20-орынға табан тіреді. Ержан Залилов жартылай жеңіл ТОП-40 санатында 39 орында тұр. Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дивизионының 11 орынында тұр.